Қаржы • 11 Қазан, 2022

Инвесторды ынталандыратын жеңілдік

177 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан 2026 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі негізгі капиталға салынған инвестиция үлесін 25,1 пайызға немесе 34,6 трлн теңгеге жеткізуге ниетті. Қазір елімізге еңбек өнімділігі мен экспортқа бағдарланған инвестициялар үшін тиісті орта құру маңызды болып тұр. Сондай-ақ ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарын біртіндеп енгізу де жоспарда бар. «Egemen Qazaqstan» сауалдарына жауап берген Ұлттық экономика министрлігі инвестициялық саясатты дамытудың үш негізгі бағытын атап көрсетті.

Инвесторды ынталандыратын жеңілдік

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Бірінші бағыт – ашық және бол­жам­ды инвестициялық сая­­сат­ты қалыптастыруға ба­ғыт­­тал­ған инвестициялық эко­­жү­йе­ні одан әрі дамыту. Екін­ші­сі – нарықтарға қол­же­тім­ділікті жақсарту және ком­па­ниялардың қалыптасуы үшін тұ­рақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайлар жасауды көздейтін жеке сектордың ин­вестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу. Үшінші – трансшекаралық инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп ко­опе­­рациясын дамыту және өзге де жаңа жобаларды іздестіру мен іске асыруды көздейтін эко­но­ми­каның инвестициялық әлеу­е­тін ашу.

«Осылайша, тұжырымдама жаңа инвестициялық циклді қа­лыптастыруға және жаңа тренд­терді ескере отырып, ин­вес­тициялар тарту саясатын қай­та қарауға мүмкіндік береді. Нәти­же­сінде, сапалы инвестициялар тар­туға бағытталған жүйелі іс-шара­лар іске асырылады. 2022 жылы негізгі капиталға салын­ған инвестициялардың жалпы көлемі 8 ай ішінде 8,2 трлн теңге (2022 жылға арналған ны­саналы индикатордың 51 пайы­зы (16 трлн тг) болды. Бұл өткен жылдың сәйкес ке­зеңі­мен салыстырғанда 5,7 па­йызға артық (НКИ – 105,7 па­йыз). Негізгі капиталға салын­ған инвестициялардың ұл­ға­юы рес­пуб­ликаның 15 өңі­рін­де бай­қалды. Ең жоғары өсім – Шымкент (31,1 пайыз) және Алматы (23,4 пайыз) қала­ла­рын­да», делінген министр­лік жауа­бында.

Ал Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Абай, Ұлытау облыстарында негізгі капиталға салынған инвестициялар азайды. «Ұлттық экономика министрлігі еліміздің инвестициялық климатының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инвестицияларды қорғау және оларды қолдау құралдарын же­тілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте, инвестициялар тарту жөніндегі қазақстандық заңнама инвесторлардың (шетелдік те, ішкі де) теңдігіне бағытталған», дейді ведомство өкілдері.

Ал инвестициялық жоба­лар­ды жүзеге асыру барысын­да қандай қолдау шаралары көр­се­тіледі? Нақтырақ айтқан­да, ин­вестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келі­сім­­шарт жасасу шеңберінде им­портқа кеден баждары мен қо­сымша құн салығын салудан (ҚҚС) босату; инвестиция­лар көлемінің 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі заттай гранттар беру; инвестициялар көлемі кемінде 2 млн еселен­ген АЕК болатын жаңа өн­ді­рістер құрылған жағдайда кор­по­ративті табыс салығынан (КТС) және жер салығынан 10 жыл­ға босату, мүлік салығынан 8 жылға босату; инвестициялар көлемі кемінде 5 млн еселік АЕК болатын жұмыс істеп тұр­ғ­ан өндірістерді жаңарту жағ­дайында корпоративті табыс са­лығынан 3 жылға босату қарас­ты­рылады.

Ал арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу шеңберінде техно­логиялық жабдықтың, жиын­тықтаушы және қосалқы бөл­шектердің импорты кезінде 5 жыл мерзімге кедендік баж алынып тасталып, арнайы эко­номикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өн­дірілген дайын өнім құрамын­дағы тауарлардың импорты ке­зінде қосылған құн салығын тө­леуден босатылады.

«Экономиканың басым салаларында ірі инвесторлармен инвестициялар туралы келісімдер жасасу шеңберінде (кемінде 7,5 млн АЕК (50 млн доллар) инвестициялар көлемінің 30 па­­йызынан аспайтын мөлшердегі заттай гранттар; технологиялық жабдықтың, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектердің импорты кезінде кедендік баждардан босату көзделеді», делінген министрлік хабарламасында.

Ал егер инвестиция көлемі 15 млн АЕК (100 млн доллар) көлемінде жүзеге асырылса, онда жеңілдікті салық кезеңі аяқталған соң (жобаны іске асырудың 11 жылынан бастап) туындайтын салық міндеттемелеріне (КТС, жер салығы, мүлік салығы) қарсы есепке жатқызу жолымен күрделі шығындардың 20 пайы­зын өтеу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жоспарлы мерзім аяқталғанға дейін АЭА шеңбе­рін­­де преференциялардың қол­да­нылуын ұзарту мүмкіндігі де қарас­тырылады. Аталған пре­фе­ренцияларға – КТС, жерге салынатын салық, мүлікке салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 0 пайыз болады және дайын өнім құрамында тауарлар импорты кезінде кедендік баждар мен ҚҚС-тан 15 жылға дейін босату кіреді.

Бұл ретте ескере кетер жайт – жоба жүзеге асырылу кезін­де Қазақстан заңнамасы өзге­ріп кетсе, соған қарамастан келісім ережелерін пайдалану ол жасалған күннен бастап 25 жыл бойы күшінде тұрады. Сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын тағы бір жеңілдік – салық төлеу мер­зімін өзгерту құқығы.

«Салық кодексінде инвесторлар үшін алдағы кезеңдердің салық­тарын төлеу мерзімін өзгер­­тетін инвестициялық са­лық­­тық кредит алу құқығы көз­дел­ген. Бұл ретте салық төлеу­ші­лерге 3 жыл ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, КТС және мүлік салығы бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайтуға мүмкіндік беріледі (Салық кодексінің 49-1-бабы)», деді министрлік өкілі.

Инвестицияларды тарту көз­де­рінің бірі мемлекет-жеке­шелік әріптестік (МЖӘ) тетігі екені белгілі. Бұл тетік аясында да инвесторларды қолдау мақсатында мемлекет мынадай қолдау шараларын ұсынады.

«Инфрақұрылымдық облига­ция­­ларға мемлекет кепіл­гер­лігі болады және МЖӘ жоба­ла­рын қаржыландыруға тартыла­тын қарыздар бойынша мем­лекеттік кепілдіктер ұсы­нылады. Со­ны­мен бірге мем­лекетке тие­сі­лі зияткерлік мен­шік объек­ті­леріне айрықша құқық­тар­ды беру, заңнамаға сәйкес заттай гранттар беру, МЖӘ жобаларын бірлесіп қаржыландыру қарастырылып отыр. Сондай-ақ МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұ­мыстар мен көрсетілетін қыз­меттердің белгілі бір көлемін мем­лекеттің тұтыну кепілдіктері де бар», деп жауап берді ведомство өкілдері.

Инвестордың шеттен келе­ті­ні белгілі. Қазіргі геосаяси ах­уалдың ушығуы инвести­ция мә­се­лесінде бізді аздап тығы­рық­қа тірейтіні де жасырын емес. Министрліктің хабарлауынша, геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты Үкімет тұ­рақты негізде экономикалық жағ­дайға талдау және мониторинг жүргізіп отыр.

«Осылайша, 2022 жылға ар­налған макрокөрсеткіштерді нақ­тылау кезінде негізгі экспорт­тық тауарлардың бағасы, олар бойынша халықаралық талдау және қаржы ұйымдарының болжамдары сияқты сыртқы параметрлердің өзгеруі назарға алынды. Бұл ретте болжамдар бағаның көтерілуі, логистикалық және өндірістік тізбектердің үзіл­уі немесе бұзылуы тәуекел­де­рін, сондай-ақ көліктік үстеме бағалардың артуын және жалпы инфляциялық жағдайды ескереді. Сондай-ақ әлемдік эко­номика мен негізгі сауда се­рік­тестерінің өсу болжам­дары ескерілді. Жалпы, Үкімет ық­тимал дағдарыстық құбы­лыс­­тарды еңсеру үшін барлық қа­жетті құралдар мен ресурс­тар­ға ие», делінген ресми жауапта.