Аймақтар • 11 Қазан, 2022

Жүк тасымалы жүйелі

356 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандағы ірі құрылыс нысандары арасында 13 арнайы экономикалық аймақ болса, соның екеуі Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Қытай елімен арадағы шекара маңында орналасқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Жолдауында осы арнайы экономикалық аймақтар жөнінде айтылып, олардың қызметін мүлдем жаңа бағытта ұйымдастыру мен дамытудың жолдары да атап көрсетілді.

Жүк тасымалы жүйелі

«Қорғас – шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құра­мындағы 129 гектар аумақ­қа салынған «Құрғақ порт» ай­ла­ғының еліміздің эконо­ми­ка­лық дамуы мен халықаралық тран­зиттік әлеуетінің артуын­да алар орны ерекше. Бұл жоба бүгінде Қа­зақстанның эко­но­ми­калық кү­ретамырына айнал­ды. Құрғақ айлаққа Қытай мем­лекеті тарапынан тар танап­ты 3, Қазақстан тарапынан кең­жолақты осынша темір жол желісі тартылып, соңғы бірнеше жылдан бері көрші елмен жүк алмасып келеді. 2013 жылы салынған «Құрғақ порттағы» екі ел арасындағы жүк алмасудың негізгі басқарушы операторы – «RNZE-Ksrgos Gateway» ЖШС. Соңғы алты айда ғана бұл айлақта 4,2 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.

Құрғақ айлақпен жапсарлас­тыра 225 гектар аумаққа логис­тикалық орталық салынып, қой­маларда мыңдаған тонна жүк сақталып, сан тарапқа жөнел­ті­ле­ді. Сонымен қатар 224 гектар жерге индустриялық аймақ орналасқан. Ондағы алғашқы өндіріс орындары іске кірісті. Яғни арнайы экономикалық аймақ қуатты өндіріс орын­да­ры­ның өркендеуіне де жол ашты. «Қорғас – шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрылысы жалпы бірнеше ке­зең­ге бөлініп атқарылып, бірер жылға созылады. Анығын айт­қан­да, мұнда қазір де сан салалы құрылыс жүзеге асырылып жатыр.

Жақында «Құрғақ порттың» екінші жүк өңдеу кезеңі іске қосылды. Бұған дейін айлақтан күн сайын жүк тиелген 8-9 по­йыз жіберілсе, енді бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, күн сайын айлақтан жүк контейнерлері тиелген 18-19 пойыз сан тарапқа жол тартып жатыр. ҚХР тарапынан келетін контейнерлерге тиелген жүктің басым бөлігі Орталық Азия мен Парсы шығанағы арқылы Еу­ро­па­ға, тағы да басқа шалғай шетелдерге қысқа мерзімде жет­кі­­зіледі. Солардың қатарында He­wiett Pacard, Toyota, DHL және тағы басқа да әлемге танымал көптеген компания өз тауарларын осы жерден Орталық Азия мен Батыс Еуропаға таратып жатыр. Бұл компаниялар негізінен шетелдерге озық үлгідегі жеңіл және ауыр автокөліктер, басқа да құрылғылар сатады.

Екінші кезеңнің іске қо­сылып, жүк тасымалын екі есе арттыруы «Құрғақ айлақ» қыз­метінің шегі емес. Болашақта бұл айлақта пойыздарға жүк тиеу жұмысы арта түспек. Яғни ел берекесіне еселеп табыс әке­летіні сөзсіз.

 

Жетісу облысы