Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Ресеймен әскери келісімдерге қол қоймайды

Ақордада министр елдердің әскери-өнеркәсіптік кешендері бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Баға бермеймін. Егер біз мемлекетімізге тиімді деп есептесек, өз мүддемізге сай жолмен жүреміз. Бүгінгі күнге дейін бізде ешқандай проблема жоқ. Барлығы шарттық міндеттемелер аясында», деді Руслан Жақсылықов.

Министрдің айтуынша, Әскери ынтымақтастыққа қатысты елдермен барлық мәселелер пысықталған. Сондықтан Путиннің Астанаға сапары аясында әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланбайды.

 

Жансая ӘНУАР