Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,45 теңгеге дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы біршама көтеріліп, 66,85 теңгені (+0,93) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 460,65 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 477-480 теңгеден, еуроны - 465-470 теңгеден, ресей рублін - 6,9-7,2 теңгеден сатып алады/сатады.
Айта кетсек, бүгінгі сауда-саттық барысында мұнай бағасы төмендеді.
Мәселен, Brent маркалы желтоқсан фьючерстерінің құны 0,49%-ға төмендеп, барреліне 93,83 долларды құрады.
WTI мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63%-дан 88,79 долларға дейін төмендеді.