Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Ел сенімі – елдіктің арқауы

313 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі бір айдың көлемінде бірнеше облысқа сапарлап қайтты. Жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, әр өңірдегі жағдайдан, түрлі өзгерістерден хабардар екенін байқатты. Жалпы, мұндай сапарларға шығу, елдің ішінде жүру халықтың Президентке деген сенімін арттырары анық. Өңірлердің алдағы даму бағдарын айқындап алу тұрғысынан да маңызды.

Ел сенімі – елдіктің арқауы

Түркістан – дамудың жаңа кезеңінде

Елдің басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев әр өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бәрінен хабардар екені даусыз. Қазақстан экономикасында қай өңірдің қандай басымдыққа ие екенін де, нендей қиындықтармен бетпе-бет келіп отырғанын да жақсы біледі. Соңғы сапарларда соған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Президент бірінші кезекте сапарлап барған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық проблемаларына тоқталып, оның шешу жолдарын көрсетуге тырысты. Әр өңір өзіне тән әлеуетке ие екені тағы мәлім. Сол әлеуетті тиімді пайдалану маңызды екенін әрдайым еске салып келеді.

Әлбетте, мұндай сапарларда Пре­зидент әлеуметтік-экономикалық проблемалармен ғана шектелмейді. Мемлекет басшысы елдің рухани құндылықтарын одан әрі дамытуды да үнемі назарда ұстайды. Жастар тәр­биесіне де ерекше мән беруді ұмытқан емес.

Президент киелі мекен Түркістан облысына жасаған сапарында бұл өңірдің Қазақстан тарихында алар орнын ерекше атап өтті. Түркістанның екі дүние есігі, ер түріктің бесігі екенін еске салды. Бұл сөздің ретіне қарай айтыла салмағаны анық. Шынында да, киелі шаһардың төл тарихымызда алар орны айрықша. Президент айтқандай, ондағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі.

Түркістан жеке облыс атанғалы бері айтарлықтай өзгерді. Мәселен, Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көпқабатты үй салынған. Соны­мен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарған. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. 2019 жылдан бері облысқа 2 млн-ға жуық турист келген. Кейінгі үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есеге өскен. Облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Пре­зидент атап өткендей, мұның бәрі Түркістан дамуының алғашқы кезең­­ін­де атқарылған игіліктер. Ендігі жер­де өңірдің дамуы жаңа деңгейге көтеріледі. Түркістан Қазақстан ғана емес, іргелес жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан үшін де маңызды өңір. Сондықтан көрші елдердің бәрімен тығыз қарым-қатынас жасау – уақыттың талабы.

Жасыратыны жоқ, Түркістанда шеші­мін таппаған мәселелер де көп. Айта­лық, Түркістан – Қазақстандағы халқы тығыз орналасқан өңірдің бірі. Бұл аймақта су тапшылығы байқалады. Халқының саны тез өсіп жатқаннан кейін білім мекемелері жетіспей жатыр. Мұндағы мектеп жасындағы балалардың саны жыл сайын 25-30 мыңға артады. Демек, өңірде 1 мың балаға шақталған 20-30 жаңа мектеп салынуы керек. Өкінішке қарай, Түркістан облысының шалғай ауылдарында өткен ғасырдың 40-50-ші жылдары ескі стандартпен салынған мектептер жұмыс істеп тұр. Бұлардың бәрі бүгінгі талапқа сәйкес келмейді. Олардың бәрін жаңалау керек. Оқушылар жақсы әрі жайлы мектепте оқымаса, білім сапасы тұрғысынан да бәсекеге қабілетті бола алмайды. Президенттің осы мәселеге ерекше назар аударуы жұртшылықтың көңіліне үлкен сенім ұялатты.

Шымкент пен Ташкент тандемі

Шымкент – халқының саны 1 млн-нан асып, жаңа мәртебеге ие болған шаһар. Оның әлеуеті өте жоғары. Қаланың 3 млн-ға жуық халқы бар Таш­кентпен қатар орналасуы Шым­кенттің бағын жағуы мүмкін. Екі қала­ның халқын қоссақ, 4 млн адам шыға­д­ы екен. Бұл – өте үлкен нарық. Демек аталған жағдай Шымкенттің экономикалық тұрғыдан дамуына жол ашпақ. Мұны Президент бірнеше мәрте айтты. Сондықтан Мем­лекет басшысының Шымкент пен Ташкенттің арасындағы экономикалық бай­ланыстарды нығайту үшін тиісті тапсырма беруі құптарлық қадам.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке жасаған сапарында қалаға жаңа опера және балет театрын, оқушылар сарайын, перзентхана, бес жыл ішінде 101 мектеп салуды тапсырды. Жалпы, Президент білім, ғылым ордаларын дамытуға ерекше ден қойып келеді. Жастардың заманауи ғимараттарда білім алуына айрықша көңіл бөлуде.

Шымкент республикалық қала мәртебесін аларда оның айналасындағы 41 елді мекен шаһарға қосылды. Алайда ондағы инфрақұрлым қаланың талабына сәйкес келмейді. Ал қалаға қосыл­ған соң елді мекендердің тұрғындары қалалықтар секілді коммуналдық қызметтерге ие болуы тиіс. Олар газ бен суға, жылу мен жолға қатысты проблема болмаса екен деп талап қояды. Мұндағы балалар да қала мектептеріндегідей жағдайдың игілігін көруі керек. Сон­дықтан жергілікті халықтың мұндай талап қоюы өте орынды. Президент Шымкентке жасаған сапарында осыған айрықша назар аударды, тиісті тапсырмалар берді. Егер жергілікті халықтың тұрмысы жақсармаса, коммуналдық қызметтер сапасы сын көтермесе, энергия көзі тұрақсыз болса, халықтың наразылығын тудыратыны анық және бұл орынды талап. Президенттің ең алдымен халықтың әлеуметтік-эконо­микалық жағдайын жақсартуға көңіл бөлетіні де сондықтан.

н

Айтпақшы, халық тығыз шоғыр­ланған жерлерде экономиканың өсу қарқыны жоғары болатынын атап өткен жөн. Осыны да ескеру керек. Демек Шымкенттің бұл тұрғыдан да асығы алшысынан түсуі мүмкін.

Ұлылар мекеніндегі ұтымды мүмкіндіктер

Президенттің ұлылар мекені Абай облысына жасаған сапары да халықтың жадында ұзақ сақталары даусыз. Жалпы, ұлылардың ізі қалған өңірде туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан әлемдік алыпқа айналған Абайдың кесенесіне апарар жолды үнемі назарда ұстау маңызды. Жолдың бойына, кесененің басына инфрақұрылымдық нысандар салу жағын қарастыру керек. Бәлкім, Абай кесенесінің басына шағын ұшақтар қона алатын аэродром салуды қолға алған дұрыс шығар.

Облыс орталығы Семей қаласында шешімін таппаған бірнеше мәселе бар. Соның бірі – жылумен қамту. Мұндағы әрбір шағын аудан бөлек-бөлек жылытылады. Президент осы жолғы сапарында осы мәселеге ерекше тоқталды және заман талабына сәйкес келетін жылу-электр орталығын салу керектігін алға тартты. Шынында, алты ай қысты үреймен өткізетін семейліктер үшін бұл мәселені реттеу аса маңызды болып тұр. Шағын аудандарда орналасқан жылу-электр орталықтары ескірген әрі қуаты да төмен. Экологиясы онсыз да сын көтермейтін Семейдің ауасын жылу-электр орталықтары да ластап отыр. Мемлекет басшысының аймақ экологиясына назар аударуында терең мән жатыр.

Жалпы, Семейдің Ертіс өзенінің бойында орналасуын кез келген бағытта тиімді пайдалануға болады. Мәселен, өзеннің бойынан халықтың серуендеп, сейіл құруына арналған орындарды көптеп салуға мүмкіндік бар.

Абай облысы Қытаймен шекаралас жатыр. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Абай облысында Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын екі қақпа бар. Бұл Семейдің де, жалпы Қазақстанның да транзиттік әлеуетін жақсартады. Екі ел арасындағы алыс-беріс жақсарады. Сондай-ақ орталық Ресейдегі өндіріс орындарының өнімдерін Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауға жол ашылады. Мұның бәрі біздің экономикамыз үшін тиімді. Жаңа жұмыс орындары ашылады, бюджетке қосымша салықтық түсімдер түседі. Өңір экономикасы жақсарады.

Кеңес өкіметі тұсында Семей одақ­тағы ет пен тері өңдейтін ірі орта­лық­тар­дың бірі болды. Өкінішке қарай, біз со­ның біразынан айырылып қалдық. Десе де, мұнда ертеден қалыптасқан тәжі­рибе мен дәстүр бар. Соны қайта жаң­ғырту маңызды. Президенттің бұған назар ауда­руы, кәсіпкер азаматтарды осы істе бақ сынап көруге шақыруы тегін емес.

Абай облысының аумағында атом сынақтары жүргізілгені мәлім. Өңір аумағының біраз жеріне радиация та­ралған. Осы бір жағдай өңірдің геоло­гиялық мүмкіндіктерін зерттеуге кедергі келтіріп отыр. Мемлекет басшысы өңірдегі табиғи байлықтың зор екеніне назар аударды. Ендігі мақсат – соны барлау, барынша зерттеу. Кен өндірсек, ешкімнен кем болмасымыз анық. Сондықтан Абай өңірінде де табиғи кен орындары көптеп ашылуы мүмкін. Бұл аймақ үшін дамудың жаңа бағыты болмақ. 

Индустриялық аймақтарда игі істер көп

Индустриясы жақсы дамыған Қараған­ды облысында халықты алаңда­тып отырған үлкен проблеманың бірі – экология. Қарағанды металлургия комбинатының салдарынан Темір­тау түтіннен көз ашпайды. Кейде Темір­таудан ұшқан түтін Қарағандының төбе­сіне келіп тұрақтайды. Сондықтан халық осы мәселеге қатты алаңдаулы. Пре­зидент бұған дейін аталған комби­нат­тың басшысын шақырып, экология мәселесіне ерекше көңіл бөлуді тапсырғаны есімізде. Осыдан бір айдан аса уақыт бұрын Мемлекет басшысының қабылдауында болған Лакшми Миттал жуық арада «АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 млрд доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға ба­ғыт­талатынын жеткізген еді.

п

Қарағандыда соңғы жылдары машина жасау саласы ерекше қарқын алды. Қытайлық компаниямен жүргізіл­ген бірлескен жұмыстың нәтижесін­де Саран қаласында автобустар шығарыла бастады. Оның қатарында бүгінгі заманның талабына сәйкес келе­тін ди­зельмен жүретін автобус­тар да, акку­муляторлық батареялармен жүретін элект­робустар да бар. Бола­шақта сутегі­мен жүретін техникалар да шы­ға­­рылуы мүмкін. Жаңа сала облыс­тың дамуына жаңаша жол ашары анық. Жал­пы, Президент Қарағанды экономи­касы­ның мүмкіндіктерін айрықша атап өтті.

Елдегі индустриялық аймақтардың қатарында Павлодар өңірінің де шоқтығы биік. Аумағы шағын болса да, индустриясы жақсы дамыған Павлодар – Қазақстан энергетикасының орталығы. Өкінішке қарай, көмір өндіретін ірі кеніштер, көмірді көп тұтынатын электр стансалары осында орналасқандықтан ауаға таралатын зиянды заттар көп. Сондықтан өңірдің экологиясына ерекше мән беру керек. Мұны Павлодарға жасаған сапар барысында Мемлекет басшысы да атап өтті. Бұл өңірде электр энергетикасын дамытудың әлеуеті жоғары. Президент оған да назар аударды. 

Бұрын Павлодарда алюминий өндіруге қажетті шикізат шығарылатын. Қазір сол шикізатты өзіміз өңдеп, таза алюминий шығаратын деңгейді еңсердік. Енді өзімізде өндірілген алюминийден автокөлік дөңгелектеріне арналған дискі, өндіріске әрі күнделікті тұрмысқа қажетті кабель секілді дайын өнімдер шығаратын жағдайға жеттік. Осы тұрғыдағы әлеуетімізді әлі де арт­тыруға болады. Президент Қазақ­стан­да электромобиль шығаруға басым­дық беріп отыр. Ал оған қажетті дүние­нің көбі алюминийден алынады. Демек Пав­лодар алюминийіне деген сұраныс әлі де артады деген сөз. Ең бастысы, бұл өңір болашақта электромобиль өндірісінің орталығына айналуы әбден мүмкін. Біз осыған келе жатырмыз.

н

Түйіндей келе айтарымыз, Прези­денттің өңірлерде көтерген мәселе­лері, бастамалары халықтың көңілі­нен шығып жатыр. Халық Мемлекет басшысының аймақтардағы жағдай­лардан хабардар екенін естіп, біліп қуанып отыр. Сондықтан халыққа сенім ұялататын мұндай сапарлардан көп нәтиже күтеміз.

 

Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ,

мемлекет және қоғам қайраткері