Оқиға • 07 Қазан, 2024

Қарқаралыдағы дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі 6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында қызметтік міндетін атқару кезінде №24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы қаза тапқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қарқаралыдағы дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Фото: ТЖМ

1991 жылы туған сержант Хали Хайрат   азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау ісі мен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті. 

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», делінген ТЖМ хабарламасында.