Спорт • 13 Қазан, 2022

Сербияны қиын сынақ күтіп тұр

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпио­натының жартылай финалына шыққан құрамалар белгілі болды.

Сербияны қиын сынақ күтіп тұр

Ширек финалда Италия Қытай волейбол­шыларынан 3:1 есебімен айласын асырса, АҚШ Түркияны үш сетте де тізе бүктірді – 3:0. Ал Бразилия мен Жапония арасындағы бәсекенің алғашқы екі партиясында Күншығыс елінің өкілдері 18:25, 18:25 есебімен алда тұрғанымен, үшінші сетте 25:19 есебімен жол берді. Қосымша екі сетте Бразилияның бағы жанды – 27:25, 15:13. Қорытынды есеп – 3:2. Сондай-ақ Сербия мен Польша арасындағы бәсеке де дәл осындай есеппен Сербияның пайдасына аяқталды.

Енді жартылай финалда қазіргі әлем чемпионы Сербия Токио Олимпиадасының жеңімпазы АҚШ құрамасымен шеберлік байқасады. Екінші матчта Италия мен Бра­зилия финал жолдамасын сарапқа салады.