«Қазақстанның алдағы екіжылдық төрағалығы кезінде өзіне маңызды міндеттер алып отыр және кеңеске мүше мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы мен қолдауына сенім артады», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы саммит барысында.
Президенттің айтуынша, АӨСШК кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім болды.
«Бірінші, экономикалық өлшем. Өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға мән беру маңызды», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.