Экономика • 14 Қазан, 2022

Құрылыстың ортақ мәселесі

180 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Татарстан астанасы Қазанда Бірінші Еуразиялық құрылыс конгресі өтті. Оны Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мен Құрылыстағы инженер-кеңес берушілердің ұлттық қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

Құрылыстың ортақ мәселесі

Конгресс алаңы бизнес өкіл­­дерінің, халықаралық са­рап­­шылардың, универ­си­тет­тердің, ғылыми-зерттеу инс­титут­тарының және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бейінді ведомстволарының басын қосты. Іс-шара Еуразиялық экономикалық кеңістіктің бірыңғай құрылыс нарығын құру мәселелері, оның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ қазіргі күні сала өкілдерінің алдында тұрған сын-қатерлерге арналды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі ми­нистрі Бақытжан Сағынтаев құ­ры­лыс қызметтерінің бірың­ғай нарығының толық ауқым­ды жұмыс істеуі индустрияның серпінді дамуына ықпал ететінін, бәсекеге қабілеттіліктің артуына және нарықтың өсуіне әкелетінін атап өтті.

– Бірыңғай нарықты қалып­тастыру нарыққа қатысушылар арасындағы құрылыс сала­сындағы қолданыстағы шектеу­лерді жоюға мүмкіндік береді. Оның ішінде қосымша рәсімдер жүргізбестен рұқсат құжаттары мен біліктіліктерін тануға жол ашады және Еуразиялық эко­но­микалық одақтың бүкіл кеңіс­тігінде қызметтерді кедер­гісіз ұсыну мүмкіндігін қамта­ма­сыз етеді. Қазіргі таңда құры­лыс жұмыстары мен жоба­лау қыз­меттерінің 83 түрі бірыңғай нарық пішіміне ауыс­тырылды және бұл тізім үне­мі толықтырылуда, – деді Б.Сағынтаев.

Бұл ретте форумға қатысу­шы­лар бірыңғай құрылыс нары­ғы­ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мемле­кет­тік институттар, бизнес, ғылым және білім беру секторлары, сондай-ақ Еуразиялық эко­но­микалық одаққа мүше елдер­дің реттеуші органдары ара­сын­дағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті экономика факультеті деканының кеңесшісі Елена Тищенко атап өткендей, бірыңғай нарық кеңістігінде стандарттар­ды үйлестіру құрылыста ақпа­рат­тық модельдеу технология­сын қол­дануды қоса алғанда, кадр­ларды даярлауға, материалдарға, өндірісте әрі ғылыми-зерт­теу және тәжірибелік-конструк­торлық жұмыстар саласында операциялық тізбектерді құруға қойылатын талаптарды үйлестіруге мүмкіндік береді.

Технологияларды дамыту және құрылыс компания­ларының жаңа технологиялық шешімдерді қолдануы өз кезе­гінде энергия тиімділігі, сейс­микаға төзімді құрылыс және цифрлық модельдеу техно­ло­гия­ларын пайдалану саласындағы жаңа нормативтер мен реттеуші актілерді әзірлеу қажеттілігін талап етеді.

– Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мен Құрылыстағы инженер-кеңес берушілердің ұлттық қауымдастығы бұрын­нан бері табысты жұмыс істеп келе жатыр. Біздің ынтымақ­тастығымыз 2019 жылы цифр­ландыру жөніндегі келісімге қол қоюдан басталды. Өздеріңіз білетіндей, институт құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясы (BIM технологиялары) стандарттарының әзірлеушісі болып саналады. Сонымен қатар біз маман­дарды оқыту және сертификаттау бағыты бойынша белсенді түрде бірлесіп жұмыс істейміз. Жақында біз «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында Еуразиялық инженер-құрылысшылар федерациясы коммерциялық емес бірлестігін тіркеуге өтінім бердік, – дейді Құры­лыстағы инженер-кеңес беру­шілердің ұлттық қауымдас­тығының бас директоры Ольга Кубанская.

Бірінші Еуразиялық құры­лыс конгресі Құрылыстағы инженер-кеңес берушілердің ұлттық қауымдастығы, Қазақ құрылыс және сәулет ғылы­ми-зерттеу және жобалау инс­титуты, Бела­русь Құры­лыс­шылар одағы және Тәжік­стан­ның Құрылыс салу­­шылар қауымдастығы ара­сын­дағы ын­тымақтастық туралы келі­сім­дерге қол қоюмен аяқ­тал­ды. Келісімдер тараптар­дың Еуразиялық инженер-құры­лысшылар федерациясын ЕАЭО кеңістігінде және Үлкен Еуразияның басқа елдерінде дамыту әрі ілгерілету жөніндегі бірлескен жұмысты көздейді.