Қазақстан • 14 Қазан, 2022

ТМД бақылаушы және серіктес мәртебесін белгілеуді жоспарлап отыр

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің бастамасымен ТМД-да бақылаушы және әріптес мәртебесін белгілеу бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары басталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД бақылаушы және серіктес мәртебесін белгілеуді жоспарлап отыр

«Бұл бастама Достастық жұмысына басқа елдер мен халықаралық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді», деді Мұхтар Тілеуберді ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында өткен брифингте.

СІМ басшысының айтуынша, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ТМД-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы туралы жаңа ереже қабылданған.

«Саммиттің басқа шешімдерінің қатарында екі халықаралық шартқа қол қою бар. Бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесін құру туралы келісім және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісім», деді М. Тілеуберді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.