Оқиға • 16 Қазан, 2022

Павлодар тас жолында жантүршігерлік жоп апаты болды

1157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол жақтауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар тас жолында жантүршігерлік жоп апаты болды

Pavlodarnews.kz сайты апат туралы хабарлама бүгін сағат 11:23-те түскенін жазды.

- Жедел жәрдем бригадасы оқиға орына 5 минутта жетті.  30 жастан асқан адамда ашық ми жарақаты, ауыр дәрежеде мидың шайқалуы, маңдай және самай сүйектердің, екі білектің сынғаны анықталды. Сондай-ақ церебральды кома және үшінші дәрежелі аралас шок тіркелді, - деді Облыстық жедел жәрдем станциясының мамандары.

Зардап шеккен адам №1 қалалық аурухананың политравма бөлімшесіне жеткізілді.