Пікір • 17 Қазан, 2022

ХХІ ғасырдың азиялық моделі

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде түрлі елдердің өкілдері өздерін жалпы азиялық қауіпсіздікті қалыптастыру процесіне мүдделі қатысушылар ретінде көрсетті.

ХХІ ғасырдың азиялық моделі

Естеріңізге сала кетейік, Азия­дағы қауіпсіздік бойынша аймақ­тық диалог алаңын құру баста­масы Қазақстанға тиесілі. Бұл ұсы­нысты алғаш рет еліміз егемен мем­лекет ретінде 1992 жылы БҰҰ Бас Ас­самблеясында жариялады. Қазақ­станның өз азиялық тұғырнамасын құру бастамасы кең өріс алды. Отыз жыл ішінде АӨСШК әлемдік қолдаумен пәрменді әрі тиімді халықаралық алаңға айналды.

Астана саммитінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК жұ­мысының маңызды бағыттарын атап өтті. Бұл – экономикалық және қаржылық қатынастардың тұрақты жүйесін құру, климаттық күн тәртібі, азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық өлшем.

Қазіргі әлемдік үдерістерде қарқынды дамып келе жатқан Азия өңірлері мен мемлекеттері ерекше орын ала бастады. Азия елдері Азияның жаһандық процеске қандай экономикалық үлес қосатынына сәйкес халықаралық қатынастардың жаңа және тең құқылы жүйесіне деген ерік-жігерін тұрақты түрде көрсетіп келеді.

Азия елдерінің жиынтық эконо­ми­калық өсуі орасан зор. Өнді­рісті әртараптандыру, цифрлық технологиялар және белсенді әлеу­меттік-экономикалық бай­ланыс­тар бірқатар мүмкіндік туғы­зады және Азияның заманауи кел­бетін қалыптастырады. Қазір модернизацияның азиялық моделі ХХІ ғасырдың келбетін анықтай бас­тады. Азияның экономикалық және мәдени өрлеуімен континенттік қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы өзекті болды. Астана кеңесі осындай мақсат қойып отыр.

Сындарлы халықаралық қаты­нас­тарды құру қажеттілігі эконо­микалық, қаржылық, өндірістік, көлік-логистикалық және ақпа­раттық жүйелерді интернацио­нал­дандыру процесінде өсуде. Іс-шараға қатысушылардың барлығы сенімділікті нығайтудың жалпы шараларына жәрдемдесу ниеттерін рас­тап отыр. Қазақстан бұл тұрғыда жал­пы тұрақты қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу жөнін­дегі саясатқа адал болып қала береді.

 

Болат ӘУЕЛБАЕВ,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы