Атап айтқанда, физика-математика ғылымдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелер, химия техникасы, электротехника, механика және металл өңдеу, өңдеуші және өңдеу өнеркәсібі сынды бірқатар мамандық тізімнен алынды.
Енді сырттай оқуға рұқсат етілетін мамандықтар:
- кітапханашы;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технологиясы;
- технолог, электрик, жылу энергетикасы, электромеханик, металлург және т.б.;
- агроном, бригадир;
- тасымалдауды ұйымдастырушы;
- фельдшер, ветеринарлық фельдшер;
- спорт жаттықтырушысы;
- цирк, хор, академиялық, дәстүрлі және эстрада әншілері мен осы саладағы ұстаздар.
Бұйрық 25 қазаннан бастап күшіне енеді.