Президент • 19 Қазан, 2022

Тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек - Президент

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек - Президент

«Қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді. Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары. Мұның бәрі қазақ тілінің қолдану аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ», деді Президент.

Сондай-ақ ел Президенті қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ екендігін атап өтті.

«Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты. Мемлекет қазақ тілін қолдау үшін тиісті шаралар қолданып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз. Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Бұл – өте дұрыс. Бірақ, өзге тілден бас тартуға болмайды. «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген сөз бар. Біз тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз», деп атап өтті Мемлекет басшысы.