Қаржы • 20 Қазан, 2022

Күнбағыс майының құнын өсіру туралы меморандум

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда күнбағыс майының бағасын белгілеу ұсынылды. Бұл бастаманы майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы көтеріп отыр.

Күнбағыс майының құнын өсіру туралы меморандум

Үкіметке биыл әлеуметтік маңы­зы бар өнім бағасын көтеру туралы меморандум жасау ұсынылған. Яғни қауымдастық басшысы Ядыкар Ибрагимов күнбағыс майының бағасы шикізат құнына байланысты екенін еске салды.

«Дүкен сөрелерінде болашақ баға белгісін қалай көретініміз Ауыл ша­руашылығы министрлігінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты. Бұл мә­селені жедел пысықтаған жағ­дай­да, біз мұнай шикізатын шы­ғар­ғанға дейін күнбағыс майы­ның баға­сын көтеру туралы меморандум­ға қол қоюға дайынбыз», деді Я.Ибрагимов.

Сондай-ақ ол қараша айынан бас­тап Қазақстанда шикізат құнының 20%-ы мөлшерінде тұқым әкетуге экс­порттық баждар қолданыла бастай­тынын, мүдделі салалық қауым­дас­­тық­­тарға майлы дақылдар өнім­дері­н­ің құнын есептеу алгоритмін әзір­­­леуге қатысу ұсынылып, майлы да­қыл­­­дардың рекордтық өнімі бар Ре­сей­де күнбағыс тұқымын әкету ке­зін­де ке­мінде 3 320 мөлшерінде 50% экс­­порт­тық баж қолданылатынын атап өтті.

«Бұл ішінара Ресейді күнбағыс майының ірі өндірушілері мен экспорттаушыларының біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Сондықтан шетелдік валютадағы баж салығының ең төменгі мөлшерін дұрыс есептеу өте маңызды. Әйтпесе, біз өзіміздің ғана емес, ресейлік күн­бағысты да сата бастаймыз. Бұл – өте қауіпті», деді сарапшы.

Майлы дақылдарды қайта өң­деушілердің ұлттық қауымдас­тығы Ресей шикізаты арта түскен жағ­дайда, биылғы наурыз айында ұн, нан бағасының өсуіне әкелген бидайда болған жағдайды еске алып, көрші ел өз нарығын жабуы мүмкін деп алаңдады.

Бұған дейін, 5 қазанда ведомс­т­воаралық комиссия шетел валю­тасындағы ең төменгі баж салығын есептей отырып, күнбағыс тұқым­дарына 20% көлемінде экспорттық баж салығын енгізу мәселесін қарау туралы шешім қабылдаған болатын. Еске салсақ, 30 қыркүйекте күнбағыс тұқымын экспорттауға арнал­ған экспорттық квоталардың қолда­нылу мерзімі аяқталды. Сондай-ақ қауымдастықта егер валюта­дағы баждың ең төменгі сомасы дұ­рыс есептелмесе, бұл қазақстан­дық күнбағыстың Орталық Азия елдерінде тапшылық туғызатыны хабарланды. Я.Ибрагимовтың айтуынша, бұл өз кезегінде ел ішінде дайын өнім бағасының өсуіне түрткі болмақ.