Қоғам • 20 Қазан, 2022

Жетістікке жетелейтін орталық

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ерекше балаларға арналған «Алтын ұя – еркеле» түзету орталығы ашылды. 2021 жылы негізі қаланған орталық осыған дейін 100-ден астам балаға көмек қолын созған болатын.

Жетістікке жетелейтін орталық

Қоғамдық қор өкілдерінің айтуынша, мұнда ғылыммен дәлелденген, ең тиімді, заманауи әдістемелер қолданылады және арнайы даярлықтан өткен мамандар жұмыс істейді. Ерекше балғындардың ата-аналарына да психологиялық қолдау көрсетіледі. Қазір орталықта 100-ден астам аутист бала ем алып жатыр.

– Біздің орталық аутизммен ауыратын балаларға арналған. Орталықта логопед-дефектолог, психолог, арт-терапия, флортайм, тұз шахтасы, құм терапиясы, АВА терапия, йога терапия бағытында жұмыс істейді. 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тегін көмек көрсетіледі. Біздің басты мақсатымыз – қоғам назарын аутизм проблемасына аудару, осындай балалар мен олардың ата-аналарына құрметпен қарауды қалыптастыру. Халық аутизм туралы мүлдем хабарсыз, адамдар оның ауру еместігін, оны түзеуге болатынын білмейді. Мұндай балалар кез келген салада жетістікке жете алады, өз елінің игілігі үшін еңбек етеді, олар үшін өздерін түсінбейтін қоғамда болу аса қиын, –
 дейді «Алтын ұя – еркеле» қоғамдық қорының төрайымы Айнұр Солотова.