Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жылдың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес құрылғыларды «Sabo» компаниясы – орнатушы, «ӨКМ Операторы» – қаржыландырушы және Өскемен қаласының әкімі жабдықтарды қабылдаушы ретінде мәміле жасалған болатын.
Бүгінгі таңда «Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Операторы» кезінде қолға алынған міндеттемелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Айта кету керек, тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып әперілген болатын.