Ол жатын бөлмесін дәрі-дәрмек шығаратын фитолабораторияға айналдырған.
«Есірткі зертхана көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Тінту барысында гүл құмыраларына отырғызылған 10 түп марихуана анықталды. Күдікті бұрын-соңды жауапқа тартылмаған. Қазір тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Жетісу облысы ІІД бастығының орынбасары Аян Исабеков.
Сонымен қатар полицейлер пәтердің келесі бөлмесін тінту кезінде белгісіз саңырауқұлақтарды тапты. Саңырауқұлақтар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.