Оқиға • 20 Қазан, 2022

Атырауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін түскі уақытта болған. Қала маңындағы Еркін қала-2 ауылында 40 және 5 көшелерінің қиылысында «Skoda» көлігі қосалқы жолдан шығып кетіп, кейін «Yutong» автобусымен соқтығысқан. Соққыдан автобус үйдің қоршауына соғылған.

Оқиға салдарынан «Skoda» көлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазір тиісті құжаттар жинақталып жатыр.