Қоғам • 22 Қазан, 2022

Әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны артты

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 8 айында отандық әуе компания­лары тасымалдаған жолаушылар саны 6,9 млн адамды құрады. Атап айтқанда, олар ішкі желілерде биылғы қаң­тар-тамыз айлары аралығында 4,9 млн адам (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 4,9 млн адам), ал ха­лық­­аралық желілерде 2 млн жолаушыны (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 1,2 млн адам) тасымалдады.

Әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны артты

Мәселен, «Air Astana» компаниясы шамамен 2,7 млн, «FlyArystan» 2,1 млн, ал «SCAT» авиакомпаниясы 1,8 млн жолаушы тасымалдаған.

Аталған кезеңде еліміздің әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 13,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артық (2021 жылы – 11,6 млн адам).                

Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді аптасына 617 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 6 отандық авиакомпания орындайды.

Халықаралық рейстер аптасына 490 рейс жиілігі­мен 112 бағыт бойынша 28 елде орындалады. Олар­дың қатарында Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Мысыр, Оңтүс­тік Корея, Нидерланд, Польша, Армения, Ұлы­британия, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзербайжан, Қатар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Черногория, Грекия, Италия, Қытай мемлекеттері бар, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»