Президент • 22 Қазан, 2022

Қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді - Тоқаев

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді - Тоқаев

«Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын. Біз қастерлі тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсуге тиіспіз. Сондай-ақ, еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы кедергінің бәрінен арылуымыз керек. Одан әрі даму үшін жаңа стратегиялық бағдарымызды айқындау маңызды», деді Президент.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары түрлі салада түбегейлі реформалар қолға алынды. 

«Мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталды. Мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Қазір біз осы күрделі жолдың басында тұрмыз. Мен үшін халықтың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік. Сол себепті, мен осы стратегиялық бағытты еліміздің басты бағдары ретінде жарияладым. Бұл жолдағы барлық жауапкершілік жүгін арқалауға дайынмын. Біз ауқымды конституциялық реформа жүргізіп, елімізді түбегейлі қайта құруға кірістік», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ ол «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы орнығатынын айтты.

«Еліміздің жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаты – барша азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз ету болмақ. Бұдан былай қолдан жасалған барлық монополиялар келмеске кетеді», деп атап өтті Мемлекет басшысы.