Қазақстан • 22 Қазан, 2022

Аддис-Абебада Қазақстан туралы фотокөрме өтті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында Аддис-Абебада «Жаңа Қазақстан» тақырыбында фотокөрменің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аддис-Абебада Қазақстан туралы фотокөрме өтті

Фотоэкспозиция Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен түбегейлі жаңа саяси және экономикалық жағдайлар құрумен, сыртқы саясаттың жандануымен сипатталатын Қазақстан дамуының қазіргі кезеңін бейнелейді.

Тұсаукесерге Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпустың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Достар клубының мүшелері, Эфиопияның бұрынғы президенті Мулату Тешоме, Эфиопия СІМ Халықаралық қатынастар институтының, диалог, зерттеулер және ынтымақтастық орталығының өкілдері, сондай-ақ бірқатар эфиопиялық басылымның журналистері қатысты.

дл

Тұсаукесерге қатысушыларға жасаған жолдауында Қазақстанның елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Қазақстанда болып жатқан үлкен саяси оқиғалар туралы айтып берді.

Сондай-ақ елші қазіргі геосаяси жағдайда өзектілігін дәлелдеген еліміздің көпвекторлы, бейбіт және болжамды сыртқы саясатының принциптерін егжей-тегжейлі түсіндірді.