Жерлесіміз Мексикадағы сайысқа бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жұп құрап қатысты. Жартылай финалға дейін ұпайдан шашау шығармаған Анна мен Беатрис финалда аустралиялық Сторм Сандерс пен бразилиялық Луиза Стефани жұбымен кездесіп, тай-брейкте қарсыластарына жол берді – 7:6, 6:7, 10:08. Осылайша, Анна мен Беатрис биыл екінші рет финалда ұтылды.
Бір айта кетерлігі, жерлесіміз осы жарыстың финалына шыққаны үшін 31 қазан мен 7 қараша күндері АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өтетін WTA санатындағы жылдың ең соңғы турниріне қатысуға мүмкіндік алды. Анна осы жетістікке қол жеткізген тарихтағы екінші қазақстандық теннисші атанды. Бұған дейін Ярослава Шведова финалдық турнирге жолдама алған болатын.