Спорт • 25 Қазан, 2022

Азияда алдыңғы қатарда

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кореяның Сунчхон қаласында өткен маунтинбайктан Сары құрлық чемпионаты аяқталды. Құрлықтың 17 елінен келген 200-ден астам велошабандоз қатысқан жарыста Қазақстан құрамасының өкілдері де бақ сынады.

Азияда алдыңғы қатарда

 

Биылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары жалпы саны жеті жүлде жеңіп алды. Атап айтар болсақ, әйелдер арасындағы тау велосипеді бойынша Алина Сарқұлова алтыннан алқа тақса, Алина Спирина Олимпиада бағдарламасына енген кросс-кантри жарысында чемпион атанды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы эстафетада топ жарды.

Сондай-ақ Виолетта Казакова екі мәрте күміс жүлде жеңіп алса, Денис Сергиенко да бас жүлдеге сынық сүйем қалғанда сү­рі­­ніп, екінші орынға табан тіреді. Ал Али­на Сарқұлова (екінші жүлдесі) ел қор­жынына қола медаль салды. Осылайша, жал­пы­командалық есепте 3 алтын, 3 күміс, 1 қоламен Қазақстан құрамасы 1-орын алды.