Қоғам • 26 Қазан, 2022

Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына байланысты 3.8-тармағының 24-бабына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», деді ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов Парламент Мәжілісінің отырысында.

Депутаттар Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатуды жақтап дауыс берді. Тиісті қаулы қабылданды.

2021 жылдың қаңтарынан бастап Айбек Паяев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7-шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.