Ғылым • 26 Қазан, 2022

Қазақстанда IT мектептер көбеюде

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы үш жылда Қазақстанда 41 IT мектеп ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

 

Қазақстанда IT мектептер көбеюде

Биылғы көрсеткіш бойынша атаулы мектептерде 55 мыңнан астам оқушы білім алуда. Бұл сан 2021 жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

ІТ-мектептер заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ оқушылар үшін цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген.

«Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы цифрландыруға үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің мектептер электронды қызметтерді пайдаланады, онлайн олимпиадалар, онлайн жарыстар өткізеді, құжаттар электронды форматта да қабылданады. Үш апта бұрын елімізде ТМД-ға мүше мемлекеттердің съезі өтті. Жиында әріптестеріміз цифрландыру білім беру үдерістеріне қалай енгізіліп жатқанын атап өтті. Әрине, біз балаларды цифрландыруға үйретуді қолдауымыз керек. Ол үшін ІТ-мектептерді кеңінен ашуды қолға алып отырмыз. ІТ-мектептердің ерекшелігі ІТ-технологиялар саласындағы мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу. Жыл сайын IT-мектептердің саны арта береді», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.