Қоғам • 26 Қазан, 2022

Студенттер конференциясы

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Павлодар педагогикалық университетінде Республика күніне орай «Қазақстан педагогика ғылымы жаңа буын зерттеулерінде» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Студенттер конференциясы

Ғылыми іс-шараға ППУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс­тар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин, студенттер,  магистранттар мен докто­ранттар қатысып баяндама жасады. Спикерлер ғылым және жоғары білімді дамыту, оқушыға сапалы білім берудің тиімді жолдарын табу бағы­тында әзірлеген жаңа жобалары мен өзекті ұсыныстарын ортаға салды.

– Баршаңызға белгілі, 16 шілде күні өткен Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтарып, ұлттық мереке мәртебесін беру жайында ұсыныс білдірді. Осы ұсыныс көпшіліктің қолдауына ие болып, ұлттық мерекелер мен атаулы күндер күнтізбесіне жаңа өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осы мереке тарихына бір шолу жасар болсақ, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болатын. Осыған орай Республика күні еліміздің мемлекетті құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек деген пікір туындады. Осылайша, бұл күн ұлттық мереке етіп белгіленді. Негізі, еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. Баршаңызды Қазақстанның әрбір азаматы үшін маңызы зор Республика күні мерекесімен құттықтаймын. Осы салтанатты күнде баршаңызға игілік пен бақыт тілеймін! – деді Бауыржан Сатыбалдыұлы.

Конференцияда «Тарих» білім беру бағдарламасының докто­ранты Арман Омаров «Ахмет Байтұрсынұлы­ның педагогикалық көзқарастары» тақырыбында баян­дама жасады. Ал «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранты Сания Абильдинова «Мектепке дейінгі жастағы бала­лардың сөйлеу тілін ойын технологиялары арқылы түзету» тақырыбындағы зерттеуін ортаға салып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ «Математика» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранты Иран Жаңабек және МФкС-21 тобының студенті Еркежан Қаршығанова баяндамалар жасады.

З

 

Павлодар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі