Саясат • 27 Қазан, 2022

Қоғамдық штаб жұмысымен танысты

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барып, үгіт-насихат және талдау орталықтары, қоғамдық қабылдау бөлмесі, медиа штаб, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар штабы мен жастар алаңының жұмысымен танысты.

Қоғамдық штаб жұмысымен танысты

Қоғамдық штабтың құрамына 474 адам енген. Олардың қатарында Халықтық коалицияға біріккен ұйымдардың белгілі азаматтары, ғылыми-сарапшылық қа­уым­дастық өкілдері, Парламент депутаттары, жастар бар. Еліміздің әр өңірінде 226 штаб құрылып, 6 мыңнан астам адам қызмет
етеді.

Штаб мүшелері 200-ден астам елді мекенді аралап шығуды жоспарлап отыр. Осылайша, республикалық және өңірлік штабтар 52 мыңнан астам іс-шара өткізбек. Үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалицияның 7,5 мың белсендісі тартылған. Сондай-ақ 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, сайлау күні барлық учас­кеде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық бақылаушы дайындалды.

Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев барлығына сенім артқаны үшін алғыс айтып, өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.