Қоғам • 27 Қазан, 2022

Ойнақтаған от басар

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалардың қатысуымен болатын өрт оқиғалары азаймай тұр. Әсіресе мек­теп демалысы кезінде жағымсыз жағ­дайлар жиі тіркеледі. Егер өрттің себебі ата-аналардың балаларды дұрыс қада­ғаламауы себебінен туындаса, бұл үшін заңда жаза қарастырылғанын естен шы­ғармаған жөн.

Ойнақтаған от басар

Балалардың отқа деген қызығушылығы ересектерге еліктеуден басталатынын бәрі біледі. Балалар сіріңкемен ойнайды, от жағады. Өкініштісі сол, мұндай әрекеттер пәтер, бас­палдақ, жертөле сияқты тұтанса, жалын тез жалмайтын орындарда жиі кездеседі.

Балаға сіріңкемен ойнауға болмайтынын айту жеткіліксіз, сендіру керек. Сіріңкелер мен өзге де тұтандырғыш заттарды, сондай-ақ өрт тұр­ғысынан аса қауіпті бұйымдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау және мүмкін­дігінше балаларды ұзақ уақыт қараусыз қал­дырмау маңызды. Баланың өртке қарсы қыз­меттің «101» телефон нөмірін білуі артық етпейді.

Тәжірибе көрсеткендей, білім беру мекеме­лерінде жүргізіліп жатқан өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмыс отба­сының қатысуынсыз барынша тиімді нәтиже бере алмайды. Сондықтан біз ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз. Мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бәріміз өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Өрттің алдын алумен айналысатын мектептің, отбасының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қыз­мет­керлерінің бірыңғай тәсілімен ғана оң нәти­желерге қол жеткізуге болады.

 

Қайрат АСҚАРОВ,

Астана қаласы ТЖД Есіл ауданы ТЖБ-нің аға инженері,

азаматтық қорғау капитаны