Қызылжар ауданының полицейлеріне Жалтыр көлінің маңында Kia Sorento жол талғамайтын көлігінде белгісіз біреулер мал етін кесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Полиция департаменті жедел-іздестіру тобының қызметкерлері төрт ер адамды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ұсталғандардың екі сібір елігін атып, бауыздағаны анықталды. Сондай-ақ олардан екі пышақ, Vepr маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық пен патрондар тәркіленді», деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сараптамалар тағайындалуда.