Саясат • 28 Қазан, 2022

Зорлыққа жол жоқ

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қарағанды қаласында орналасқан дағдарыс орталығындағы әйелдермен кездесті.

Зорлыққа жол жоқ

Орталық зардап шеккендерге әлеу­меттік-психологиялық және құ­қық­тық жәрдем көрсетеді. Сал­танат Тұрсынбекова өз сөзінде қазір­­гі жағдайға қарамастан, кез кел­ген қазақ әйелінің білім алуға, ден­саулыққа, мансапқа, ұрып-соғу­сыз, қорлаусыз қа­лып­ты өмір сүруге құқығы бар еке­нін айт­ты. «Әйелдердің жыла­ға­нын қаламаймын. Олардың қинал­мауы үшін барымды сала­мын. Бұл үй сіздің уақытша панаңыз, еріксіз осында келуге мәжбүр болдыңыз. Өйткені сіз өмір мен өлімнің бірін таңдап, балаларыңызды құтқаруыңыз керек еді. Сіз өзіңізді қажетсіз сезін­беуіңіз керек. Сіз мықты­сыз!», деп орталықтағы нәзік жандар­ға қолдау көрсетті.

Кандидат қазақ қоғамында әйелдерге деген көзқарасты түбе­гейлі өзгерту керек деп есеп­тейді. Ол өзінің сайлауалды бағдар­ламасында 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған азаматтардың зей­нет­кер­лік жасын 58-ге дейін қыс­қар­­ту­ды, ең төменгі жала­қы мен ең тө­менгі күнкөріс дең­ге­йін (зей­нет­ақы жинақтары, жәр­дем­ақылар және шәкіртақы) арт­тыру­ды енгізгенін айтты. Мүге­дек­­тер­дің өмір сүру сапасын жақ­­сартуға бағытталған тиімді шара­­ларды қабылдау да назардан тыс қалмайды. Айта кету керек, Сал­танат Тұрсынбекова тұрмыс­тық және сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің мәселелерімен жақсы таныс. Ол бұған дейін «Тұрмыстық зор­лық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасына бастамашы болғанын атап өткен жөн.