Спорт • 28 Қазан, 2022

Алғашқы ойында тең түсті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Чемпиондар лигасының топтық бәсекесіне қатысып жатқан қазақстандық «Қайрат» пен «Аят» клуб­тары алғашқы матчтарын өткізіп, қарсыластарымен тең түсті.

Алғашқы ойында тең түсті

 

Негізгі кезеңнің бірінші тобында өнер көрсететін Алматының «Қайраты» бірінші турда Бельгияның «Спортинг Андерлехт» клубымен кездесіп, 2:2 есебімен тең ойнады. Матчтың бесінші минутында алаң иелерінен Франко Елович есеп ашса, 17-минутта «Қайраттың» ойыншысы Руис Лавратти таразы басын теңестірді. Дегенмен екінші таймда «Андерлехт» тағы да есепте алға шығып алды. Голдың авторы – Диого. Матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Кака алаңға бесінші ойыншыны шығарды. Нәтижесінде, Дәурен Тұрсағұлов 38-минутта мергендік танытып, командасын жеңілістен құтқарып қалды – 2:2. «Қайрат» кеше екінші турда Испанияның «Пальма» ұжымымен ойнады.

Сондай-ақ Рудныйдың «Аяты» да алғаш­қы турда ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Хор­ватияда өткен матчта қазақстандық клуб жергілікті «Ново Вриеме» клубымен кездесіп, тең түсті. «Аят» сапынан Антон Рындин мен Леандро гол соқса, алаң иелерінен Тони Елавич бір голды өз еншісіне жазды. Өкініш­ке қарай, Азат Валиуллин байқаусызда өз қақпасына гол соғып алды. «Аят» кеше Пор­тугалияның «Спортинг» клубымен шеберлік байқасты.