Спорт • 28 Қазан, 2022

Әлем чемпионатына қатысады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның бас шаһары – Біш­кекте 11-13 қараша күндері самбодан ересектер арасындағы әлем чемпио­натының жалауы желбірейді.

Әлем чемпионатына қатысады

 

Бішкектегі жаһандық додада спортшылар 21 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Самбо сайысында ерлер мен әйелдер 7 салмақта сынға түссе, жауынгерлік самбодан да 7 жеңімпаз анықталады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан ерлер арасында Қайырберді Айдынбай, Арнұр Қуатай, Есентай Имаханов, Мәрлен Жанғабыл, Еламан Қойшыбаев, Әлібек Зекенов және Темірлан Көлбай бақ сынаса, әйелдер құрамасынан Маргарита Бажаева, Гүлдана Әлмұханбетова, Ажар Салықова, Маржан Бизақ, Ділдаш Кұрышбаева, Арайлым Әбенова, Азман Амаева бас жүлде үшін белдеседі.

Сондай-ақ жауынгерлік самбодан Мирас Уәлиев, Әділбек Сейісов, Асылбек Смайылов, Әсет Анарбаев, Мәди Райхан, Айбек Сәметаев, Талғат Жиентаев ел намысын қорғайды. Айта кетейік, биылғы әлем чемпионатының жүлде қоры да қомақты. Мәселен, чемпион атанған спортшыға – 4 мың, күміс жүлдегерге – 3, ал қола медаль иегеріне 2 мың АҚШ доллары беріледі.