Спорт • 28 Қазан, 2022

«Барселона» топтан шыға алмады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының 5-тур ойындары өз мәресіне жетті.

«Барселона» топтан шыға алмады

 

«А» тобындағы барлық ойында жеңіске жеткен «Наполи» мен тек бір кездесуде ғана жеңілген «Ливерпуль» мерзімінен бұрын плей-оффқа жол­дама алды. «В» тобында «Байер» сырт алаңда «Атлетикомен» тең ойнап (2:2), келесі ке­зеңге шықса, «Брюггені» ірі есеппен жеңген (4:0) «Порту» екінші орынмен 1/8 финалға өтті.

«С» тобында «Бавария» «Барселонаны» екінші рет жеңіп, Испания клубын Еуропа лигасына түсіріп жіберді. Екінші матчта «Интер» өз алаңында «Викториядан» басым түсіп (4:0), топтағы екінші орнын нақтылап қойды. Ал «D» тобында келесі кезеңге шығатын командалар соңғы турда анықталатын болды. Бесінші турдан кейін барлық команданың плей-оффқа шығу мүмкіндігі сақталып қалды.