Коронавирус • 30 Қазан, 2022

Елде коронавирус жұқтыру жағдайлары өскен

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, коронавирус жұқтыру жағдайлары шамалы өсті. Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 50 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елде коронавирус жұқтыру жағдайлары өскен

30 қазандағы жағдай бойынша 832 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 77 пациент стационарларда, 755 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетпен ауырғандардың ішінде:

ауыр жағдайда - 2 науқас,

өте ауыр жағдайда - 4 науқас,

ӨЖЖ - 1 пациент.