Оқиға • 31 Қазан, 2022

Алматыда жаппай жол апаты болды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Байзақ батыр және Әшімов көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жаппай жол апаты болды

«Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 30 қазан күні кешке Байзақ батыр көшесімен батыс бағытта келе жатқан «Тойота» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, Әшімов көшесінің қиылысында келе жатқан «Лада» көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Lada көлігі Опель көлігіне соғылған. Салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде бір бала бар. Олар ауруханаға жеткізілді», деді Алматы қалалық ПД тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған істі Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өндіріске қабылдады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.