Ауа райы • 01 Қараша, 2022

Қарашада ауа райы қандай болады?

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қараша айында республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, жауын-шашын еліміздің батыс жартысында нормадан аз, шығыста норма шамасында болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарашада ауа райы қандай болады?

Атап айтқанда, қарашаның алғашқы күндерінде ел аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз +10+18°С жылы болады.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады, бұл жауын-шашынның басында батыс өңірлерде тоқтатылуына әкеліп соқтырады, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін төмендеуі күтілуде. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлердің бағандары түсуі мүмкін:

солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа  дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндердің де болуы күтіледі.