Білім • 01 Қараша, 2022

Шетелде қазақстандық ЖОО-лардың филиалдары ашылады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бірыңғай Орталық Азиялық жоғары білім кеңістігін құру жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелде қазақстандық ЖОО-лардың филиалдары ашылады

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында шетелде филиалдар ашылады. Бірыңғай Орталық Азиялық жоғары білім кеңістігін құру бойынша жұмыс жалғасады», деді С. Нұрбек.

Оның айтуынша, серіктестермен бірлесіп, Қазақстан платформасында Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимыл бюросын құру мәселесі пысықталуда.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру бойынша барлық бастамалар қазақстандық «Интеллектуалдық Жібек жолы» халықаралық бастамасының негізі болады», деді министр.