27 Мамыр, 2014

Отырысқа бірқатар жобалар шығарылады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенаты бюросының отырысында палатаның 30 мамырда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Президенттің ұсынуына сәйкес, сенаторлар Қазақстан Респуб­ликасы Жоғарғы Со­тының судьяларын қызметтен босату және сайлау туралы мәселелерді қарайды. Бю­ро Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құ­қық қорғау органдары коми­тетіне Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттарды тал­қылауды және олар бойынша қорытынды әзірлеуді тап­сырды. Сенат отырысына Қыл­мыстық, Қылмыстық-про­цестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің жобалары бірінші оқылымда қарауға шығарылады. Сонымен қатар, бірқатар заңнамалық ак­ті­лерге қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойын­ша түзетулер және кейбір Конс­ти­туциялық заңдарға қыл­мыстық-процестік заң­наманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер жобасы қаралатын болады. Одан басқа, жоғарғы палатаның отырысына бірқатар заңна­малық актілерге этил спирті мен алкоголь өнімінің өнді­рілуін және айналымын мем­лекеттік реттеу мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бірінші оқылымға шығарылатын болды. Бюро отырысында тиісті комитеттерге Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді.