Спорт • 02 Қараша, 2022

Үздіктер қатарында

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Конья қаласында ұйым­дас­тырылған каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Үздіктер қатарында

 

Спортты дамыту дирекциясының ақпараты бойынша, бес күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 5-сатыдан көрінді. Жарыстың соңғы күніндегі жасөспірімдер бәсекесінде Бэлла Самашева (55 кило) финалда жеңіліп, күміспен күптелсе, оның алдында кадеттер арасындағы додада Әлихан Қадырғали (70 кило) мен жасөспірімдер арасында Максим Москвичев (61 кг) чемпион атанған болатын. Сондай-ақ Әлішер Тайжанов (+76 кило) қоланы мойнына таққан еді.

Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы 11 медальмен (8 алтын, 3 қола) жеке-дара көш бастаса, жарыс қожайыны – Түркия (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) 2-орын алды. Одан кейінгі орындарға Мысыр мен Алжир спортшылары жайғасты.