Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге байланысты комиссиялардың дайындық жұмыстарын айтты.
«Қазір комиссия мүшелері оқытылып жатыр. 6 қарашаға дейін қоса алғанда 2 мыңнан астам комиссия мүшесі оқытылады. ОСК-да оқудан өткен сертификатталған тренерлер лектор ретінде тартылды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары жасалып, жауапты тұлғалар анықталды. 178 сайлау учаскесінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн қызметі орнатылады», деді Ғайса Қапақова.