Аймақтар • 02 Қараша, 2022

Абай облысында Ресей азаматы зейнеткерді тонап кетті

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында шетелдік азамат зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында Ресей азаматы зейнеткерді тонап кетті

Қазан айының соңында Жарма ауданының Қалбатау ауылының 73 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан.

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз әйел үйдің ауласында оның қолынан 500 мың теңге тұратын алтын сырғаларын ашық түрде ұрлап кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер шабуыл жасаған адамды анықтады. Ол 27 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады», деп хабарлады полицейлер.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.