«2 қараша күні сағат 07:15 шамасында «Өскемен-Рахмановские Ключи» тас жолының 16-шақырымында, Глубоковский ауданында «Лада Гранта» көлігінің 48 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Lada Granta жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.