Өнер • 03 Қараша, 2022

Халықаралық үрмелі аспаптар академиясы ашылды

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда 2022 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының негізінде «Батырхан Шөкенов атындағы Қор» Қоғамдық қорының, Қазақстандағы Гете Институтының және Француз альянсының қолдауымен Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы ашылады.

Халықаралық үрмелі аспаптар академиясы ашылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен классикалық музыка өнеріндегі бірегей жобаның негізгі ұйымдастырушысы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы болып отыр.

Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясы – бұл мұғалімдер мен жетекші солистер – Сон Хюн Чо (Оңтүстік Корея), Томас Хатчинсон (Жаңа Зеландия, Франция), Роман Люк (Германия, Франция) және Джованни Пунци (Италия) ұсынған төрт күндік практикалық семинарлар. Бұл жоба осы жылдың сәуір айында құрылған Флейта академиясының жалғасы іспетті.

Алматы, Астана және Қарағанды ​​қалаларынан 40 қатысушы іріктеліп, конкурстық негізде Академияға шақырылды,  олар жетекші халықаралық мамандардың басшылығымен практикалық білімдерді тегін игереді. Ұйымдастырушылар үшін жас орындаушылардың музыканттардың кәсіби дамуына қатысты толғандырған сұрағына жауап беріп, сондай-ақ, қоғамдастық арасындағы байланысты нығайту маңызды. Академияның шеберлік сыныптары еркін тыңдаушылар үшін ашық болады, бұл әркімге үрдісті бақылауға, білімін жетілдіре түсуге және осы ортадағы әріптестерімен танысуға мүмкіндік береді.

«Біз үшін академиялық ортаны дамыту жұмысы 2018 жылы басталды. Сонда серіктестеріміздің арқасында үрмелі аспаптарда ойнайтын дарынды орындаушылар үшін атаулы шәкіртақы тағайындадық және үрмелі аспаптарда ойнауды үйренетін дарынды оқушылар мен студенттерге арналған екі республикалық байқау өткіздік», дейді «Батырхан Шөкенов атындағы Қордың» директоры Наргиз Шөкенова. 

Академия 3 қараша күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтетін салтанатты Гала-концертпен аяқталады. Гала-концертте Сон Хён Чо Вольфганг Амадей Моцарттың Флейта мен оркестрге арналған Ре мажор концертін, Томас Хатчинсон Богуслав Мартинудың Гобой мен оркестрге арналған концертін, Ержан Кушанов Франц Доплер – Флейта мен фортепианоға арналған пасторальдық венгр, Роман Люка Карл Мария фон Вебердің Фагот пен оркестрге арналған Фа мажор концертін, Джованни Пунци Юлиус Рицтің Кларнет пен оркестрге арналған Соль минор концертін орындайды. Орындаушылар өнерін Төлепберген Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдейді, дирижері – Нұржан Байбусинов.

 

Баян МҰРАТБЕКҚЫЗЫ,

АЛМАТЫ