Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, алдын ала диагноз - метанмен улану.
Зардап шеккендердің екеуі Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинскте орналасқан.
Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы шахтада газ жарылып, төрт адам қаза тапты. Полиция «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жұмыстарын бастады.