Экономика • 04 Қараша, 2022

Түркия мен Нидерланды елдері Қазақстанда медициналық өнім шығарады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, R-Vent (Түркия) және Novоmed BV International (Нидерланды) компаниялары Қазақстанда медициналық мақсаттағы өнімдерді шығаруды жоспалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия мен Нидерланды елдері Қазақстанда медициналық өнім шығарады

Атап айтқанда, әртүрлі модификациядағы тыныс алу схемалары, вирус-бактериялық фильтрлер, медициналық оттегімен қамтамасыз ету және анестетикалық-тыныс алу маскаларының өндірісінің іске қосуды талқылады.

Жоба Астана қаласында жасалып, 2023 жылы іске қосылады деп отыр қос тарап.  Бірінші кезеңде инвестиция көлемі 3 миллион доллардан асады.

Кездесу барысында R-Vent компаниясының бас директоры Тайфун Онур ел ішінде сұраныстың артуына және жақын маңдағы нарықтарға шығу мүмкіндігіне байланысты қазақстандық нарық компания үшін өте қызықты екенін айтқан.

«Бізде озық өндіріс технологиялары бар, тауарларды ірі нарықтарға, соның ішінде Еуропа мен Америка Құрама Штаттарына экспорттаймыз және өз дағдыларымызды қолдануға және қазақстандық мамандарды осы технологияларды қолдануға үйретуге дайынбыз. Біз Қазақстанды Орталық Азия елдеріне және жақын арада Еуропа елдеріне экспорттау мүмкіндігі бар Орталық Азиядағы хаб ретінде қарастырамыз», деді Тайфун Онур.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали денсаулық сақтау, фармацевтика өндірісіндегі инвестициялық жобаларды дамыту Қазақстан экономикасының басым бағыттардың бірі екенін айтып, қолдау көрсететінін хабарлаған.