Citizen газетінің ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 6 қарашада орын алған. Қаза тапқандар арасында экипаж мүшелері мен жолаушылар бар екені анықталды.
Оқиға орнына келген елдің премьер-министрі Кассим Мажалива ұшақ апатынан 19 адам қайтыс болғанын растады.
Басылымның хабарлауынша, ұшақ Дар-эс-Салам қаласынан Букобаға ұшқан. Оқиға орын алған соң, жедел құтқару тобы жіберіліпті.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.