Полиция орын алған қайғылы оқиғаға қатысты түстініктеме берді. Олардың айтуынша, жаяу жүргіншіні қаққан көліктің маркасы да, жүргізушінің кім екені де әзірге белгісіз.
«7 қараша күні таңғы сағат 07:25-те белгісіз жүргізуші көлікпен Б.Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта, №5 үйге қарама-қарсы келе жатып, жолдың белгіленген бөлігінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Азамат 1977 жылы туған. Жаяу жүргіншілер өткелінен батыс бағытта өтіп, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі мен 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, қазір осы қылмысты жасаған жүргізушіні анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде», деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.