Пікір • 08 Қараша, 2022

Саяси құқықтың ажырамас бөлігі

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыз айында жарияланған саяси бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар заңнамалық актіге қол қойды. Бұл заңдардың айтарлықтай бөлігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық қорғау институттарын нығайтуға, оның ішінде «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қатысты.

Саяси құқықтың ажырамас бөлігі

Құқықтарымыз бен бос­тандықтарымызды қорғау туралы айтар болсақ, билікті бөлу жүйесінде соттардан бас­қа бұл маңызды функцияны прокуратура да атқаратынын түсіну керек. Ендігі жерде про­куратураның құқық қорғау әлеуеті конституциялық заң­мен нығайтылды. Атап айт­қанда, Бас прокурорға Конс­титуция нормаларын түсіндіру, халықаралық шарттар мен нор­мативтік құқықтық акті­лердің Конституцияға сәйкес­тігі мәселелері бойынша Конституциялық сотқа жүгіну құқығы берілді.

Сондай-ақ заңда адам, аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қал­пына келтіру бойын­ша про­куратураның Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл­мен, мем­лекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі бас­қару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қи­мылы қарастырылған. Өзара әре­кеттесу механизмінің құқықтық консолидациясы аза­маттардың құқықтарын қорғауға біршама мүмкіндік береді.

Сонымен қатар заң прокура­тура­ның заң шығарушылық қыз­метінің ашықтығын белгі­лейді. Енді Бас прокурордың аза­мат­тар­дың құқықтарына, бос­тан­дық­тары мен міндеттеріне қа­тысты нормативтік құқықтық актілері міндетті түрде жарияланады.

Бүгінгі таңда азаматтарды құқықтық қорғау саласында қа­былданған заңнамалық акті­лер институттардың өзін ны­ғай­туға, азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын қорғау рәсімдерін жетілдіруге бағытталған. Бұл біздің елімізде ажырамас конституциялық азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың жалпы сақталуына оң әсер етуге тиіс.

 

Гүлмира ТОҚАНОВА,

Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024