Спорт • 08 Қараша, 2022

Қарсыласымыз – Черногория

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан әлем чемпионатының ірік­теу турнирі аясында Черного­риямен өтетін кездесуге Қазақстан құрама­сының бас бапкері Пауло Рикардо Кака шақырған ойыншылар белгілі болды.

Қарсыласымыз – Черногория

 

Атап айтсақ, қақпашылар – Игита («Қай­рат», Ал­маты) мен Нұрәлем Байдолла («Рахмет», Ақтөбе). Қапталдағы ойыншылар – Дуглас, Дәурен Нұр­ғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон, Бір­жан Оразов («Қайрат», Алматы), Азат Ва­­лиуллин, Әбдірасул Әб­ді­манапұлы («Аят», Руд­ный), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұ­ма («Кас­пий», «Ақтау»), Ба­тыр­хан Кен­же­ғали («Ақ­төбе») және Нұрбек Қабылбаев («Рахмет», Актөбе).

Естеріңізге сала кетейік, аталған матч 9 қарашада сағат 20:00-де Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Егер жерлестеріміз осы ойында жеңіске жетсе, онда элиталық кезеңде күш сынасу құрметіне ие болады.